" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru Бос орын – музыкалық жетекші.

14.08.2024

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru
Бос орын – музыкалық жетекші.
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru
Міндеттері:
    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби шеберлікпен меңгереді. Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.

    Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына озық тәжірибелерді енгізеді.

    Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер береді. Тәрбиеленушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
Талаптар:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындылар, стиль мен жанр, дәрістер мен репетициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілетін, балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, музыка аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормалар.
Лауазымдық айлық ақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 120 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін.
Құжаттар қабылдау 2024 жылғы 15-22 тамыз аралығында
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
    осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    наркологиялық ұйымнан анықтама;
    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
    16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
    тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
    Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
    Осы Қағидалардың жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
    Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты: 22 тамыз 2024 ж сағ.10.00
Конкурстың өткізілетін орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен-жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2 Д)
Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен-жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2 Д)
 
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 8-716-51-46-071 
Электронды мекен-жай: kasholl@mail.ru

Просмотров: 1527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст