" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru Бос орын – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі.

14.08.2024

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru
Бос орын – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі.
Лауазымдық міндеттері:
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2Д, индексі: 010000, телефоны: 87165146071, эл. почтасы: kazsholl@mail.ru
Міндеттері:
    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
    білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
    білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы үндеу немесе «мұғалім/мұғалім» тікелей үндеуі арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
    білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
    пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
    бөлім үшін жиынтық бағалауды және түсініктемелермен тоқсан үшін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізеді;
    журналдарды толтырады (қағаз немесе электронды);
    білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
    оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;
    білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
    инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
    ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді; 
    интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырады;
    әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
    ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
    ата-аналарға кеңес береді;
    кәсіби құзыреттілікті арттырады;
    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;
    білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
    ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
    тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
    білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Талаптар:
    «Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар запастағы офицерлер, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
    және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Жұмыспен қамту түрі :
Толық жұмыс күні
Оқыту тілі : Қазақша
Білім : Жоғары, Жоғары оқу орнынан кейінгі
Сағат саны: 4
Құжаттарды тапсырудың басталу күні:
15.08.2024
Құжаттарды тапсырудың аяқталу күні:
22.08.2024
Міндеттері:
міндет 1
    Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып және «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Білуге тиіс:
    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі,   Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
    педагогика және психология негіздері;
    педагогикалық этиканың нормалары;
    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
    педагогика және психология негіздері;
    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
    педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
    экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
    компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық айлық ақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 150 000 теңгеден 170 000 теңгеге дейін.
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
    жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
    және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.
Құжаттар қабылдау 2024 жылғы 15-22 тамыз аралығында
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
    осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    наркологиялық ұйымнан анықтама;
    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
    16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
    тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
    Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
    Осы Қағидалардың жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
    Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты: 22 тамыз 2024 ж сағ.10.00
Конкурстың өткізілетін орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен-жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2 Д)
Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» КММ (мекен-жайы: Қараөткел ауылы Кенесары хан 2 Д)
 
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 8-716-51-46-071 
Электронды мекен-жай: kasholl@mail.ru

Просмотров: 1508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст