" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаңа жыл шыршасы"

08.01.2020

Қараөткел №2 орта мектебінде 24, 25, 26 желтоқсан күндері мектеп әкімшілігі ұйымдастыруымен  0-11 сыныптар Жаңа жыл шыршасына қатысты. Оның қатарында жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар да қатысты. Біздің оқушыларымыз биге белсене катысып,  жақсы  көңіл-күймен қалды.

   24 желтоқсан күні аудан Әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына алты аз қамтылған, көп балалы және мүгедек оқушылары қатысып, осы шыршада сертификат 20 мың теңге, жұмсақ ойыншық  пен  тәтті сыйлыққатарға ие болды.

Қараөткел ауыл Әкімі тарапынан 70 аз қамтылған отбасы оқушыларына Жаңа жыл мерекесіне қарсы тәтті сыйлықтар таратылды.

Осындай сияқты іс-шараларға бүгінгі күнге дейін демеушілік көмек көрсететіндер: қоғамдық қор «KZ» Гиллерт И.И., қоғамдық қор «Дар» Кусаинова Т.В. балаларға деген жылы лебіздерін білдіріп, көңілдеріне бей –жәй қарамай, ұсынымызды жерге тастамай алғаш көмек көрсеткен демеушіміз Эко Полигон Астана бас директордың орынбасары Найзабаев Талғат Жомартқалиұлы 13 балаға тәтті сыйлықтар үлестірді.

  26 желтоқсан күні Нұрсұлтан қаласындағы «Жастар сарайында» Жаңа жылдық шыршасына 13 жетім, ата-анасынан қамқорсыз қалған, аз қамтылған және мүгедек оқушылары қатысты. Оқушыларымыз биге белсене катысып,  жақсы  көңіл-күймен қалды.

27 желтоқсан күні «KZ» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасынан шыққан 10 балаға тәтті сыйлықтар берді. Осы қоғамдық қор аз қамтылған Жомарт әулетіне 20 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.

 «Асыл бала» қоғамдық қорынның атынан көп балалы отбасынан шыққан 5 балаға «Mega Silk way» ойын сауықтыру орталығына апарып, Жаңа жылдық қойылым және балаларды тамақтандырып, тәтті сыйлықтар берілді.

Жаңа жыл қарсанында «Қазақстан», «Балапан», «Тамаша ТВ», «Каз Спорт» телеарналары көп балалы екі отбасының балаларына тәтті сыйлықтар беріп, Жаңа жыл мерекесімен құтықтады.  

Жеке кәсіпкер «Утопбергенова Сауле Сабировна» атынан 21 оқушыға тәтті сыйлықтар таратылды.

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст