" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас маман" сайысы

24.12.2019

Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде 23 желтоқсан күні «Үздік жас маман» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ұрпақ тәрбиесі жолында талмай еңбек етіп бала жүрегіне жол тауып жүрген жас мұғалімдердің таланты мен қабілеттерін анықтау, шеберлігін шыңдау болатын. Сайысқа мектебімізден биыл ғана еңбек жолын бастаған 5 ұстаз қатысты. Олар Көкқанат Жадыра информатика пәнінің мұғалімі, жетекшісі Абламбаева Д.Д, Ержан Меруерт бастауыш сынып мұғалімі, жетекшісі Мукашева Л,Еркін Мадина ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жетекшісі Иманбай С.И, Мукашева Д.А ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жетекшісі Иманбай С.И,Мырзабекова А.С биология пәнінің мұғалімі, жетекшісі Сагидуллина З.К. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.1 -Таныстыру, 2- өнер, 3- сұрақ-жауап, 4 -«Тәлімгермен өткен бір күнім» атты бейнебаян, 5 -жетістіктер көрмесі. Сайысқа қатысушы жас мамандар сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, белсенді қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсете білді.  Нәтижесінде  бас жүлдені бастауыш сынып мұғалімі Ержан Меруерт жеңіп алды. Жүлделі І орынмен биология пәнінің мұғалімі Мырзабекова А.С, ІІ орынмен информатика пәнінің мұғалімі Көкқанат Ж, ІІІ орынмен ағылшын тілінің мұғалімдері Мукашева Д.А мен Еркін М иеленді. Сайыстың аудандық кезеңіне Ержан Меруерт жолдама алды. Өнер көрсеткен барлық жас мамандарға  еңбек жолында сәттілік тілейміз.

Просмотров: 555


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст