" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім негізі - бастауышта»

26.11.2019

Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде бастауыш сыныптар әдістеме бірлестік жетекшісі Динара Бауыржанқызының ұйымдастыруымен  2019 жылдың  26 қарашасында  2-4 сыныптар  арасында пәндік мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың  салтанатты ашылуы мектеп директоры Ислам Буянұлының құттықтау сөзі және  1 сынып  оқушыларының «Білім туралы» өлең шумақтарын оқумен басталды. Келесі құттықтау сөзі бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Айнұр Өмірбекқызына беріліп,  ол өз лебізінде оқушыларға  сәттілік тіледі.                               

     Оқушылардың білім нәтижесін анықтау, пәндік қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі  және ағылшын тілі пәндерінен  жаңартылған бағдарлама негізінде жоспарланған олимпиада жеңімпаздары, аудандық олимпиадаға жолдама алады. Әр сыныптан, пән бойынша бір оқушыдан қатыстырылды. Жалпы мектеп бойынша 126 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст