" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» Республикалық акция өтетінін хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министрліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын –алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан, «Мектепке жол» акциясына үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз. Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясының Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы М.К. Сыздыкованың белсенділігімен мұқтаж отбасыларға әрдайым көмек жасалып жатыр. Қамқоршылық Кеңестің отырысында «Мектепке жол» акциясының жоспары мен алдағы атқарылатын жұмыстары талқыланды. Бірлесіп жақсылық жасап, белсенді болайық!

03.08.2022
Просмотров: 2520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст