" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған

16.09.2019

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем...» мәнерлеп оқу байқауы 13 қыркүйек 2019 жылы мектебімізде сыныптан тыс тәрбие сағатын мен, яғни Инкарбекова Айгерім Қайыржанқызы өткіздім. Бұл байқауға 5-6 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты.

Мәнерлеп оқу сайысының мақсатын айтып кететін болсам, ең бастысы оқушыларды қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өмір жолдарымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру; Балғын  бүлдіршіндерді ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.  Көрнекіліктеріме тоқталып кететін болсам Фариза апамыздық портреті кітаптары және слайдтар қолданылды.

Шығармашылық кештің барысын  Фариза Оңғарсынова апамызға арналған видио көрсетіліп кешті бастадық. Кешті бастамас бұрын ең бірінші әділ-қазылар алқасын сайлап алдық. Олар: Бухабаева Н.С мен Балгин К.Е болды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты және де ата-аналар мен оқушылар көрермендер болды.

         Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, шақырылған қонақтар және оқушылар деп байқауымызды бастап кеттік. Фариза апамыз туралы қысқаша мәліметтер оқыдым. Қазақ поэзиясын ерекше нұрландырып, жұлдыздай жарқыратқан, намысты қайрап, қыр қазағын жыр бесігінде тербеткен, қаламын басты қару етіп ұстаған ақындарымыздың бірі –Фариза Оңғарсынова.

Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез келген таланттың, тіпті кейде теңгеруінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Ақын жыры айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Өнер халықтікі. Халық өзі тудырып, дараларын да,даналарын да өзі иеленеді. Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова өмірден өтті дей келе 5-6 сыныптардың оқушылары сахынаға шақырылды. Ең бірінші бастаған 5 «А» сыныбының оқушысы Абырахман Ақмаржан «Арғымақтар қайда екен бұл даланың», 5 «А» сыныбының оқушысы Тәліп Бақытнұрдың «О,туған жер» пән мұғалімі Тутан Жайнар,  5«Ә» сыныбының оқушысы Амангелді Жұрсіннің «Оюлар», пән мұғалімі Амангелді Нұржан, 5«Г»сыныбының оқушысы  Ысқақ Ержанның «Анама», 5«Г»сыныбының оқушысы Сүлеймен Нұрисламның  «Жаз», 5«Г»сыныбының оқушысы  Аймақ Аяулымның «Қырдағы қыс», 5«Д»сыныбының оқушысы  Алмасқызы Фариядтың  «Құпия ғой, құпия адам деген», 5«Д»сыныбының оқушысы  Хауланхан Тұрардың  «Сағына түссін дедің бе?», пән мұғалімі Инкарбекова Айгерім Қайыржанқызы,          6 «Ә»сыныбының оқушысы Әділбек Мерей «Туған жер», пән мұғалімі Сатыбаева Бақытгүл Калибаевна,  6 «Г» сыныбының оқушысы  Ортай Нұрайдың «Анама», пән мұғалімі Инкарбекова Айгерім Қайыржанқызы.

Мәнерлеп оқу сайысының соныңда Балгин Күнтуар Есімханұлы, Бухабаева Надежда Серікқызы және әдістемелік бірлестік жетекшісі Амангелді Нұржан өз ойларын ортаға салып, оқушыларға сәттілік тілеп , оқушылардың болашақтарына үлкен үміт артатындарын айтты. Сайысымыз ойдағыдай өтті деуге болады. Келген ұстаздар мен қонақтар жақсы деген бағаларын беріп  кетті.

Жырыңды оқы жарқылдап, төгіл деме

                                   Қылығымды алмаңдар көңілге де,         

                                   Жыр оқу да – бір дарын, көрген емен.

                                   Артист болып түсімде, өңімде де,

                                   Өмір атты сахна төрінде де.

   Бүгін міне, ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем...» мәнерлеп оқу байқауы кешімізді аяқтап, ақын апамыздың жолын қуған батыр да, батыл ұлдар мен қыздар көбейе берсін деп сыныптан тыс тәрбие сағатымызды аяқтадық.

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Инкарбекова Айгерім Қайыржанқызы

Просмотров: 615


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст