" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.04.2022 ж Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында Балалар жылына орай Жайдарлы жайдарман ойыны өтті. Жайдарманға мектебіміздің ең үздік алғыр оқушыларынан құралған 7ә сыныбынан Ақ командасы 7 д сыныбынан Сұтқоректілер командасы, 7 а сыныбынан Өзіміз ғой командасы және 8 б сыныбынан КМЖ командалары қатысты. Жайдарманшылар ұтымды ой, салмақты әзіл, шымшыма сөздерімен көзге түсті. Сахынада емен еркін көсіле сөйлеп актерлік шеберліктерімен өздерін жаңа бір қырларынан көрсетіп ұстаздарын таңқалдырды. Нәтижесінде І орынды 7ә сыныбы Ақ командасы ІІ орынды 7д сыныбы Сұтқоректілер командасы ІІІ орынды 8 д сыныбы КМЖ командасы алды. Үздік ойыншы номинациясын Дәуітов Аян иеленді. Барлық командаларға мадақтама беріліп балалар жылына орай әр командаға футбол добы сыйланды. үздік ойыншыға баскетбол добы берілді. Ал бірінші орынға кубок берілді. Демеушілік жасаған мектеп директоры: Ислам Буянұлына алғыс білдіреміз. Жайдарманға төрелік етуге арнайы мектебіміздің түлегі, жайдарман ойындарының жеңімпазы Расул Жандос шақырылған еді. Ол Болашақ жайдарманшыларға көптеген кеңес берді. Сыныптарынан команда шығарып, оқушыларын ынталандырып, ұйымдастыра білген сынып жетекшілері; Қаршыға Өтегенқызына, Диана Арманқызына, Құралай Шакенқызына және Жұмағазы Шакенұлына алғысымыз шексіз. Жайдарман тек әзіл қалжың емес ол оқушыны тапқырлыққа, актерлік шеберлікке, өнерге, тәрбиеге, көшбасшылыққа , ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелейтін бірден бір жол. Саналыда салихалы ұрпағымыз көп болсын. Жайдарман үйірмесінің жетекшілері: Съезхан Нұршаш. Амирханова Нұрсулу

29.04.2022
Просмотров: 1820


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст