" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, алтын ұя, мектебім»

12.06.2019

«Қош бол, алтын ұя, мектебім»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде 2019 жылдың 12 маусымында 11 сынып бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, алтын ұя мектебім!» салтанатты жиыны өткізілді. Аталған мектеп табалдырығын 43 оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде 4 алтын белгі, 3 үздік оқушы бітірді. Салтанатты жиында Целиноград ауданының басшысы  Тәткеев Малғаждар Саттарұлы 11- сынып оқушылары:  Жұмабекова Анараға, Ержан Жансерікке, Жарқын Дәннарға, Бұланбаева Арайлымға «Алтын белгі» табыс етті. Целиноград ауданы Білім бөлімінің басшысы Қанат Есенбекұлы Ахметов-Жүнісқожа Назеркеге, Өмірбекова Меруертке, Саяхатқызы Ақтолқынға «Үздік аттестат» табыс етті.  Қалған оқушыларға орта білімді аяқтау аттестатын тапсыру рәсімі Қараөткел ауылының әкімі Оразалин Мұрат Тоқтаубайұлы мен мектеп директоры Сажидсилян Буянға  берілді.

         Сонымен қатар, Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауының (жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Мұқанова Қаршыға Өтегенқызы) физика пәнінен ІІІ орын алған «Алтын белгі» иегері Бұланбаева Арайлым Саятқызына облыстық білім департаментінің басшысы Т. Жүнісовтың «60 000» теңгелік сертификаты мен Алғыс хаты және ата-анасына Алғыс хаты табыс етілді.

 

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст