" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сәкен оқулары – 2019»

26.04.2019

«Сәкен оқулары – 2019»

    26.04.2019 жыл Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде «Сәкен Сейфуллин қоғамдық қорының» демеушілігімен Целиноград ауданының мектептері оқушыларының арасында «Сәкен оқулары – 2019» өтті.  Салтанатты шарада мектеп басшысы Сажидсилян Буянұлы, «Сәкен Сейфуллин» қоғамдық қорының президентті Алин Алмас Аянұлы және халық әртісі, мәдениет жаңашыры, сәкентанушы Серік Оспанов, аудандық Білім бөлімінің әдіскері Мусина Айнұр Далабаевна сөз сөйлеп қатысушы оқушыларға лебізін білдірді. 

Оқушылар төрт номинациясы бойынша өз бақтарын сынады:

  1. «Сыр сандық» номинациясы  ақынның поззиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу.
  2. «Таржол, тайғақ кешу» номинациясы Сәкеннің бір прозалық шығармасынан үзінді оқу.
  3. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» номинациясы вокал жанраында 2 әң орындайды.
  4. «Сәкеннің аманаты» номинациясы Сәкенге арналған өз шығармашылығынаң өлеңдер оқу.

Сонымен қатар, сайыс төрелігін аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жүргізді: Нұресіл  орта мектебінің мұғалімі Аушахманова Шолпан Нуряденова, Ақмол ауылы №5 орта  мектебінің мұғалім Усенова Рыскул Рамазановна,  Қараөткел ауылы №6 орта  мектебінің мұғалімі Салменова Марал Амангельдиновна, Жаңажайнақ ауылы №49 орта мектебінің мұғалімі Қасымханова Зура Қасымхановна, Қараөткел ауылы №2 орта  мектебінің мұғалімі Сатыбаева Бақытгуль Калибаевна, Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінің мұғалімі Байзал Мұрат, Тасты ауылы №14 орта мектебінің мұғалімі Айдарбекова Айгүл Бахрамовна,  Қараөткел ауылы №2 орта  мектебінің мұғалімі Балгин Күнтуар Есімханович, Талапкер ауылы №2 орта мектебінің мұғалімі Шагиров Боданбай Тойшиевич.  Сайыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, жетекші ұстаздары төсбелгімен және жақсы деңгейде шәкірттерін дайындағаны үшін сертификаттармен марапатталды.

 

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст