"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Кітап оқуға 20 минут» атты іс шара. Мақсаты:Оқырмандардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқуды оқушы үшін тартымды ету.Оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Сабақтың барысында «Мақта қыз» ертегісі таңдалып алынды. Оқырмандар ертегінің видеосын көріп, ертегі желісімен сурет салды.Сол салған сурет арқылы ертегі мазмұны айтылды. Оқушылармен келесі жолы тыңдалатын, оқылатын ертегі таңдалды.