" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2021 күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел № 2 орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде қашықтықтан тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар тақырыбы: « Қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерініен қашықтықтан оқыту барысында БЖБ, ТЖБ жұмыстарын электронды құрылғыларда әзірлеудің және өткізудің тиімді жолдары» Мақсаты: Бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және тиімді өткізуде тәжірибе алмасу. Семинарды мектеп директоры Буян С, аудандық ББ әдіскері Мусина А.Д. ашып, мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сатыбаева Б.К тәлімгерлік жетекшілігімен педагог-сарапшы Тутан Жайнар қазақ әдебиеті пәні 10-сынып (ЖМБ), педагог-модератор Мұрындық Дәстүр қазақ тілі пәні 5-сынып ІІІ тоқсан бойынша БЖБ,ТЖБ жұмысын көрсетті.

16.03.2021
Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст