" Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп- гимназиясы" КММ
КГУ "Школа-гимназия село Караоткель Целиноградского района"

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында өткен «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде атты» МИФ апталығының қорытындысы Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтар өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде » атты апталығы өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты: Қашықтықтан және офлайн оқыту жағдайында жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Апталықтың міндеттері: • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орнын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу; • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу; • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау.Барлық сабақтарды мұғалімдер «ZOOM», «BILIM LAND» платформаларын, «QUIZ» т.с.с ойындар пайдалана отырып, қызықты, тартымды өткізді, оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыра білді. Қ.Муханова, Г.Омирзакова, Д.Абламбаева, Ш. Молдагулова, А.Маликова онлайн , офффлайн түрінде өтетін сабақтарды жетік меңгергендігін көрсетіп,жоғары деңгейдегі үлгілі сабақтар берді. Қ. Ишамбулова, Г. Токен, Г.Бауыржан, Н.Алижан өткізген ашық сабақтарында оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіре білді Дapынды бaлaлapдың шығapмaшылық қaбiлeттepiн дамыту мақсатында Л.Ожанова, Қ.Серуенбай өткізген мұғалімдермен өткен логикалық-сергіту сайысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Имангожаева 1-орын алып ойының ұшқырлығын көрсетсе, сыныптан тыс онлайн сайыстарда төмендегі оқушылар жеңімпаз, жүлдегерлер атанды. «Кубик-рубик» сайысында 1-орын 8 «Г» сынып оқушысы Мұрат Аңсар, 2 және 3-орынды 5 «А» сынып оқушылары Темірханов Ералы мен Қайсар Асылан, 8-9 сыныптар арасында өткен «Геометриялық сауаттылық» олимпиадасында 1-орынды Тілектес Мақсат,Қожахметова Жанна, Әбілхан Абылайхан, 2-орынды Билялова Томирис,Үмітхан Арайлым, Бекболат Мухамед-Али, 3-орынды Оразымбетоа Аяулым, Ашукенова Назерке, Энхжаргал Аружан, Қайыржан Дильназ иеленді.Онлайн газет-журналдар сайысында 1-орынды «Көңілді информатика» ролигімен 6 «Б» сыныбы, 2-орынды «Сабақ үстінде» ролигімен 9 «В», сыныбы, 3-орынды 9 «Б» сыныбы алды.Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады. Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату міндеттерін жүзеге асыру үшін өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өз мәресіне жетті. Бірлестік жетекшісі: Л.Ожанова

04.02.2021
Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст